Ағымдағы жылдың 31 мамырында Алматы облысы ТЖД бастығы, М.Ғабдуллин атындағы азаматтық қорғау Академиясынан (Көкшетау қ.) жіберілген жаңа он қызметкерге алғашқы нұсқама өткізді. ТЖД бастығы Асқар Тойчубеков жас мамандарға қауіпсіздік техникасын, қызметтік-әскери тәртіпті сақтауды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуді тапсырды. Алдағы қиын жұмыста сәттілік пен жемісті жұмыс тіледі.
Академия түлектеріне оқу бітірген соң "азаматтық қорғау лейтенанты" арнайы атағы берілді.
Жаңадан қабылданған 10 қызметкердің алтауы Алматы облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бөлімшелеріне, тағы төртеуі аудандар мен қалалардың ТЖ бөлімдеріне жұмысқа жолдама алды.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі