Ашық терезе – балаға қауіп төндіреді.

Ашық терезе – балаға қауіп төндіреді.

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балалардың терезеден құлап кетуіне жол бермеу үшін, жарияланған төтенше жағдай кезеңінде, интернет кеңістік, түрлі сайттар және әлеуметтік желілердегі тікелей эфир арқылы бейнелер мен қауіпсіздік нұсқаулықтары көрсетілді.

Онлайн трансляция барысында ТЖД қызметкерлері орта мектеп мұғалімдерімен соңғы уақытта балалардың биік қабатты үйлердің терезелерінен құлауы көбейіп кеткендігін, қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі және қарапайым ереже талаптарын сақтаса қайғылы жағдайларды алдын алуға, адам өмірі мен денсаулығы сақтауға болатындығы туралы  айтты.

Шараны өткізу кезінде биіктіктен құлау салдарынан болатын қайғылы жағдайларды алдын алу шаралары туралы барлық ата-аналарға бейнежазба көрсетілі. Ең бастысы балаңызды бір минутқа да жалғыз қалдырмаңыз, өйткені қандай да бір ескерту ата-ананың назары мен қырағылығын алмастырмайды!

Балалардың өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар терезелерден құлау бойынша қайғылы жағдайларды азайту мақсатында Сарқан ауданы ТЖБ кызметкерлері келесі кеңестерді ұсынады:

  1. Балаларды жалғыз қалдырмауға, себебі көп жағдайда терезеден құлау жағдайлары балалардың ата-анасыз жалғыз қалуы кезінде болады;
  2. Терезегежиһаздардыжақынқоймаукерек. Себебібалалароларғамініптерезегешығыпкетуімүмкін.
  3. Ешқашанмасағаарналғанторларғасенугеболмайды! Оларбалалардықұлаудансақтамайды! Керісіншемасағаарналғанторғабалаларсүйеніп, оныңсалмағынан тор жыртылыпсоныңсалдарынанбалаларқұлапкетуімүмкін. Көбінесебалаларсолторларменбіргеқұлапжатады.
  4. Терезелерге арнайы бекітпелер қою керек, олар балаларға терезе ашуға мүмкіндік бермейді.
  5. Егер терезеден балаға кейбір нәрселер көрсеткіңіз келсе, баланы мықтап ұстап тұруыңыз керек. Себебі олар тез қимылдауы мүмкін, қашанда қолдарыңыз құрғақ күйде болуы тиіс және балаларды киімнен ұстамаңыз.
  6. Егер дәл қазір бекітетін және қорғайтын құрылғы қондыратын мүмкіндік болмаған жағдайда терезенің тұтқасын алып тастау керек.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі