Орман шаруашық қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығулар

Орман шаруашық қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығулар

11.05.2021 жылы Алматы облысы ТЖД Кербұлақ ауданының ТЖБ, 19-ӨСБ және 28-ӨСБ қызметкерлері "Талдықорған орман шаруашылығы" КММ Көксу және Аралтөбе орманшылығының аумағында орман-дала өрттері болған кезінде өзара іс-қимыл жасау мақсатында Шұбар және Көксу ауылдық округтерінің ЖАО ерікті өрт сөндіру құрамаларын тарта отырып, орман шаруашылығы қызметкерлерімен бірлескен оқу-жаттығулар өткізді. Оқу-жаттығудың мақсаты: өрт қауіпті кезеңде орман-дала өрттерін тиімді сөндіру, күштер мен құралдарды тарту, орман алқаптарының аумағында оттың таралуына жол бермеу болып табылады.

Оқу-жаттығуға 50 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылды. Оқу-жаттығудың қорытындысы бойынша орманшылар мен инспекторлармен дөңгелек үстел, сондай-ақ орман шаруашылығы қызметкерлерімен нұсқаулық өткізілді.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі