20.04.2021 жылы Алматы облысының ТЖД Төтенше жағдайларды жою басқармасы қызметкерлері Алматы облысы бойынша «Қазақстан волонтерлер лигасы» қоғамдық қорының 25 еріктілерімен «ZOOM»әлеуметтік платформасы арқылы «Еріктілерге меморандумда көзделген ынтымақтастығының мақсаты мен міндеттері», «Жоғалған және батып кеткен адамдарды іздестіру бойынша іздестіру-құтқару және сүңгуірлік жұмыстарды қайта бастау және жалғастыру жөніндегі әдістеме», «Төтенше жағдайлардың салдарын жою, іздестіру-құтқару жұмыстары және дүлей зілзалалардың, техногендік және басқа да апаттардың салдарынан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге қатысу жөніндегі іс-шараларға волонтерлерді тарту жөніндегі Әдістемелік ұсынымдары (Алгоритм)» және «Шомылу маусымы кезеңінде еріктілердің профилактикалық үгіт-насихат жұмыстарына қатысуы».
Аталған интерактивті сабақты өткізудің мақсаты-Алматы облысының ТЖД қызметкерлері мен "Қазақстан еріктілері лигасы"қоғамдық қорының өзара әрекеттестігі туралы халыққа жеткізу.
Сабақ аясында еріктілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алды. Сондай-ақ, екі Тарап осы Меморандумды жасасу әріптестік қатынастарды орнату және дамыту жөніндегі негізгі құжат болып табылатыны туралы келісті және Меморандум шеңберінде Тараптардың сұрау салуы бойынша азаматтық қорғау саласында мынадай ақпарат алмасуды жүзеге асыруға ниеттенді:
- волонтерлерді тарту қажеттіліктері мен мүмкіндіктері туралы деректер;
- жоспарланатын және жүзеге асырылатын бағдарламалар (жобалар) мен акциялар туралы;
- қол жетімді, заңмен шектелмеген басқа да ақпараттар.
Тараптар барынша тиімді және бір-бірінің өзара мүдделерін басшылыққа ала отырып, осы Меморандумда көзделген ережелер мен іс-шараларды жүзеге асыруға ұмтылатын болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі