Талғар ауданында егіс алқаптарында профилактикалық шаралар өткізілді.

Талғар ауданында егіс алқаптарында профилактикалық шаралар өткізілді.

Өрт қауіпті кезеңнің басталуымен, құрғақ шөптің жануы көбейеді. Шаруа қожалықтарының иелері оларға іргелес жатқан аумақты кемінде 4 метр қашықтықта жыртуы, өрт шыққан жағдайда алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуын қадағалауы, өрт қауіпсіздігіне жауапты адамдарды тағайындауы және дайын болуы қажет. Кейбір шаруа қожалықтары былтырғы сабан мен қоқысты өртеп жіберуі мүмкін болғандықтан, олар от жақын маңдағы бақша қоғамдарына таралуы мүмкін және жақын маңдағы бақтар мен тұрғындардың бағына тез жетеді деп ойламайды. Өрістердің айналасындағы жолақтарды жырту арқылы өрттің таралуын болдырмаудың жолы бар, жолақтар трактормен жыртылады, осылайша өрттің таралуын болдырмауға болады, шаруа және фермер қожалықтарының басшылары бұл қарапайым талаптарды біле отырып, деректерді ұстанбайды. Жазғы кезеңнің өрртерін алдын алу мақсатында, Талғар ауданының ТЖБ қызметкерлерімен ауданның көктемгі егіс жұмыстары жүргізіліп жатқан егіс алқаптарында көшпелі іс-шаралар өткізілді, , ШҚ жұмыс персоналымен нұсқаулықтар жүргізілді, Өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіре отырып, құрғақ шөптің бақылаусыз жануына, рұқсатсыз күйдіруге, ауыл шаруашылығына орылған шөпті өртеуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ автотехниканы пайдалану кезінде өрт қауіпсіздік ережелері жеткізілді. 20 жадынама таратылды, 18 адам қамтылды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Алматы облысының ТЖД баспасөз қызметі