Қазақстанда таулы жерлер және тау бөктерінің аумағы селдің, қар көшкіннің, сырғыма мен қопарылманың әсеріне жиі ұшырайды. Олар республика аумағының 13,3% немесе 360000 ш.м. ауданын алып жатыр. Мұнда үлкен ауылшаруашылық жайылымдары, көптеген шаруашылық объектілері мен коммуникация желілері және басқа елді мекендер орналасқан.
Сел туралы жалпы мәліметтер.
Сел – жылдамдығы 3 – 5 және одан да жылдам м/сек, биіктігі 10-20 м дейінгі жеке толқынмен жылжитын,су аралас, қатты топырақ, тастар, талдар және әр түрлі сынықтардың құрайтын, аз уақытылы тау су тасқыны.
Селдің туындау себептері болып температураның көтерілуі, қар және мұздықтардың қарқынды еруі, өзен суларының тез көтерілуі, жауын – шашын, арналарды көшкіндермен, үйінділермен, сынықтармен, су деңгейін белгілі бір деңгейге дейін көтерілуіне себепкер болатын қиратқыш сипаттағы бөгеттер және басқалар болып табылады.
Сел тасқыны қауіпінің белгілері:
Көлдерде судың толуы туралы куәландыратын сел қаупі арнасында ағыстың тез азаюы немесе тоқтауы;
Сел каупі арнасында гуілдің пайда болуы;
Селмен жыджыған тастардың соққысынан жердің сілкінуі;
Селдік қатты топырақтың алдында толқын соққыларынан пайда болатын шыңды бұлттардың болуы;
Суыдың лайлануы.
Сел қаупі аудандарда болу кезіндегі қауіпсіздік шаралары:
Таулы аймақтардағы жағдайлар туралы ақпараттарды бұқаралық ақпараттық құралдардан хабарды құлақ салып тыңдаңыз;
Тауға шығар алдында өзіңізбен жылы киім, жолды жауып қалатын сел үйінділері үшін тауда қонып қалуға тура келетін жағдайда бір тәулікке жететін азық - түлік алу қажет.
Өзен ағымының жоғарғы жағында қатты жауын жатса сел қаупі бар шатқалдардан кету кажет ;Сел көшкінінің себептерін байқаған уақытта тез арада ағымнан мұмкіндігінше ары тауға қарай жоғарылау қажет;
Сел тасқынына түскен жағдайда зардап шеккендерге қолда бар барлық заттармен көмек көрсету керек. Зардап шеккендерге ұсынылатын мұндай заттар канаттар немесе жіптер болуы мүмкін. Құтқарылған адамдарды толқыннан ақырындап толқын бағатына қарай шетке қарай жақындатып шығару керек.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі