Жолды жабу туралы ақпарат.

Жолды жабу туралы ақпарат.

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Казахавтодор" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 23 ақпан сағат 21.30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (боран, жел, қар) республикалық маңызы бар "Алматы-Өскемен" автожолында 287-ден 558 шақырымға дейін (Талдықорған қаласы - Үшарал қаласы) қоғамдық көлік үшін, сондай-ақ дизельді қозғалтқыштармен жабдықталған автокөліктеріне қозғалысқа уақытша шектеу енгізіледі.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды. Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі