№19 өрт сөндіру бөліміне экскурсия

№19 өрт сөндіру бөліміне экскурсия

Кербұлақ ауданының Төтенше жағдайлар бөлемінің қызметкерлері жыл бойы жұмыс жоспарын жасаған кезде оқу орындарындағы кіші және жоғары сынып оқушыларына арналған нұсқалықтар мен лекциялар өткізуге ерекше көңіл бөледі. Көкшетау техникалық институтына түсу тақырыбы бойынша бейнеклиптер көрсетіледі, мамандықты таңдау кезінде оқушыларына ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің жеке құрамы  өрт қауіпсіздігі шараларын өткізу және Көкшетау техникалық институтына түсу жайлы ең жақсы жолы өрт сөндіру бөліміне ашық есік күнін өткізу  - бұл оқушыларға өрт сөндірушілердің жұмыс орнын анық көріп, техникамен танысудын жақсы себебі деп санайды.

Осыған байланысты, Кербұлақ ауданының оқушылары үшін Сарыөзек ауылының №19 өрт сөндіру бөліміне экскурсия ұйымдастырылды, оның аясында өрт сөндіру техникасының кішігірім көрмесі және авариялық-құтқару құралдары көрсетілді. Балалар мен мұғалімдер өрт сөндірушілерге кездескендеріне және екінші үйлерін ішінен көруге қуанышты болды. Олар үлкен қызығушылықпен және шынайы қуанышпен өрт сөндіру жабдықтарын және авариялық-құтқару құралдарымен танысты.

Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері осындай экскурсиялар балаларды өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысымен таныстыруға, жаңа білім алуға және бұрын берілген материалды қайталайтындарына сенімді.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі