Су тасқыны күтпеген салдарға әкелуі мүмкін қауіпті табиғи құбылыс. Бұл қар еру, нөсер, судың желмен айдалуы кезеңінде, су тасқыны кезінде және тағыда сол сияқты жағдайлардын туындайды.
Су тасқыны мен су тасқыны қауіпінің факторлары: үйлер мен ғимараттардың, көпірлердің қирауы; темір жол және автомобиль жолдарының шайылуы; инженерлік желілердегі авариялар; егістіктердің жойылуы; адам өмірі мен денсаулығына және мал–мүліктерге зияның тигізуі мүмкін. Су тасқыны қауіпі туындаған жағдайдағы іс-әрекеттер:
- Су тасқыны қауіпі туралы хабарлау сигналы бойынша белгіленген тәртіппен қауіпті аймақтан белгіленген қауіпсіз ауданға немесе жердің көтеріңкі учаскелеріне шығыңыз.
- Құжаттарды, киімдерді, ең қажетті заттарды, бірнеше күнге азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектерді дайындаңыз. Құжаттарды су өткізбейтін пакетте сақтаңыз.
- Тыныштық сақтаңыз, көршілеріңізді ескертіңіз, мүгедектерге, балалар мен қарт адамдарға көмек көрсетіңіз.
- Электр тогының барлық тұтынушыларын электр желісінен ажыратыңыз, газды өшіріңіз.
- Ұйымдасқан эвакуация болмаған жағдайда, көмек келгенге немесе су азайғанға дейін ғимараттардың жоғарғы қабаттары мен шатырларында боласыз, бұл ретте үнемі апат сигналын беріңіз.
- Абайлаңыз, үрейленбеңіз.
МҰҚИЯТ ЖӘНЕ САҚ БОЛЫҢЫЗ!
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі