Автокөлікте өрт оқиғалары көбейгендіктен Кербұлақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімі 2021 жылының 2 ақпан күні «Қауіпсіз автокөлік» атты Акциясын өткізді.
Акциясы барысында жергілікті таксилердің жүргізушілері мен Кербұлақ ауданындағы барлық автокөлік иелеріне нұсқау өткізілді, нұсқау барысында автокөліктері бар тұрғындарға нұсқаулық жаднамалар таратылды, ол жаднамаларда өрт қауіпсіздік шарасы және өрт болған жағдайда алғашқы іс әрекеттер туралы мәліметтер жазылған.
Кербұлақ ауданының ТЖБ өрттің пайда болуын болдырмау үшін келесі өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға кеңес береді:
- Қозғалтқыш қосулы кезде ешқашан жанармай құюға болмайды.
- Бензинді пластикалық канистрлерде тасымалдамаңыз, өйткені пластмасса статикалық кернеуді жинайды, бұл бензиннің тұтануына әкелуі мүмкін.
- Егер сіздің көлігіңізде шамдар немесе сақтандырғыштар жиі жанса, дереу электрик көмегіне жүгінініз! Мүмкін, бұл қысқа тұйықталудың салдары болуы мүмкін.
- Көліктің жанармай шлангтарын бақылаңыз.
- Капот астындағы кеңістіктегі кез-келген сым Мұқият оқшауланған болуы керек.
- Егер сіздің көлігіңізде газ болса, дұрыс жұмыс істеуін қадағалаңыз.
- Өрт сөндіргішті өзіңізбен бірге алып жүріңіз, тіпті болмаса екеуін алып алыныз. Сонымен қатар, өрт сөндіргіштерді автокөліктін артқы жағында емес, алдыңғы орындықтардың астында сақтау қажет өрт болған жағдайда алуға оңай болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі