Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт профилактикасының бірыңғай сағаты» облыстық акциясын іске қосты

Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт профилактикасының бірыңғай сағаты» облыстық акциясын іске қосты

 2020-2021 жж. жылыту кезеңінде өрттерді, өрттерде адамдардың қаза болуы мен жарақаттану жағдайларын, адамдардың улы газбен улануын алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізу шеңберінде Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт профилактикасының бірыңғай сағаты» атты облыстық Акциясы іске қосылды.

 Күн сайын облыс бойынша сағат 15:00-ден 16:00-ге дейін электр-тұрмыстық техниканы сатумен айналысатын сауда орталықтарында өрт қауіпсіздігі бойынша оқыту сипатындағы әлеуметтік роликтерді, техника дүкендерінде сатылымға қойылған мониторлар мен теледидарларда бір мезгілде көрсету ұйымдастырылды. Дүкен қызметкерлері келушілерге өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптары бар 4500 дана жадынамаларды таратты. Ұйымдастырылған акцияға «Alser», «TechnoDOM», «Sulpak» және басқа да ірі сауда мекемелері тартылды. Әлеуметтік бейнероликті бір уақытта сатылымға қойылған 140-тан аса мониторлар мен теледидарларда көрсетіледі.  Жалпы саны 453 азаматты қамти отырып, келушілермен тұрмыстық электр аспаптарын қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар жүргізілді.

 Сонымен қатар, сауда үйлерінің, ірі ойынсауық-сауда орталықтарының дәліздерінде, сонымен қатар аудан орнталықтарында орналасқан LED-экрандардың мониторлары арқылы көрсетілетін, тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі бойынша роликтер іске қосылды.

 Сонымен қатар, күн сайын сағат 19:00-ден 20:00-ге дейін арнайы техниканың көмегімен (проекторды матамен қапталған автомобильге шығару жолымен) көп пәтерлі тұрғын үйлердің аулаларында, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерде өртке қарсы тақырыпта оқыту роликтерін көрсету ұйымдастырылған.

Бұл акция халықты тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту мақсатында өткізілді. Бұл акция бұқаралыққа баса назарын аударды. Сондықтан «Өрт профилактикасының бірыңғай сағатын» өткізу уақыты сауда орталықтарында, адамдар көп жиналатын жерлерде және көп қабатты үйлерде тұрғындар саны ең көп болған уақыттың екінші жартысына таңдалды.

 Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін ескертеді. Өзіңізді және жақындарыңызды өрттен сақтаңыз!

 

Алматы облысы ТЖД

Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы