Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

Автожолдардың жабылуы туралы ақпарат

"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Казавтодор" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 22 қаңтарында сағат 16.00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (көріну шектеулі, желдің күшеюі, боран) "Алматы - Өскемен" республикалық маңызы бар автожолында (70 - 615 шақырымдары, Қапшағай қаласы- ШҚО шекарасы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі