Жолды жабу туралы ақпарат.

Жолды жабу туралы ақпарат.

  "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Казахавтодор" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылдың 24 қаңтары сағат 15.30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) "Ұшарал - Достық" республикалық маңызы бар автожолында (0-84 шақырымдары) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.

  Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.

  Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі