Шатырда сүңгілердің пайда болуы - су мұз қабығымен төмен қарай ағып келе жатқанда, оның бір бөлігі қатып, жаңадан пайда болған сүңгі кеңейе бастайды. Судың қалған бөлігі ілулі тамшыға қосылады. Тамшының шетіне судың біртіндеп қатуы сүңгінің кеңеюіне әкеледі. Егер тамшы тым үлкен болса (диаметрі 5 мм-ден асса), ол құлайды, бірақ көп ұзамай еріген су жаңа тамшыны құрайды. Еріген судың ағымы болғанша, сүңгі кеңейіп және ұзарады. Диаметрі ілулі тамшының мөлшерімен анықталатын сүңгінің ұшы тар болады.
В0°C-тан төмен температурада судан мұз пайда болатындығын бәрі біледі. Шатырда мұздың пайда болуына келесі негізгі факторлар әсер етеді (маңыздылығы бойынша): шатырдың көлбеуі және оның кедір-бұдырлығы. Егер шатырдың көлбеу бұрышы (оның кедір-бұдырлығына байланысты) 40 ° – 60 ° артық болса, онда қар жауған кезде шатырда қар жамылғысы пайда болмайды, сондықтан қыс мезгілінде шатырдың шетінде сүңгілердің пайда болу ықтималдығы өте аз болады.Қыстың күні шатырда мұздың түзілуіне әсер ететін маңызды фактор - бұл оқшаулау және шатыр астындағы кеңістікті желдету. Еріген қардың мөлшері тікелей шатырдың оқшаулануына байланысты: ол қаншалықты жақсы болса, соғұрлым аз қар ериді.Шатырдан сүғгі құлап кету кезіндегі қауіпсіздік шаралары:• Ғимараттардың астына бармаңыз, сүңгілерге назар аударыңыз, олардың жинақталған жерлерінен айналып өтіңіз. Жаяу жүргінші жолымен жүргенде, жолға жақынырақ жүруге тырысыңыз.• Егер сіз адамның үстіне сүңгі құлағанын көрсеңіз, жедел жәрдемді «103» телефоны арқылы шақырып, мүмкіндігінше ол келгенге дейін алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз. Дегенмен, сіз өзіңіздің қауіпсіздігіңіз туралы ұмытпаңыз.• Сүңгілердің пішіні өте өткір, сондықтан зардап шеккен адамда қан кетуі жоқ екеніне көз жеткізу керек. Жарақат алған кезде еш жағдайда жараға тиіспеңіз.• Зардап шегушіні тез арада аурауханаға, травматолог пен нейрохирургтың қарауына апару керек, көрінетін жарақат жоқ болса да - ми жарақатының белгілері бірден пайда болмауы мүмкін.Ғимарат қабырғасының сүңгі пайда болуынан қорғау:• ғимарат шатырының астын оқшаулау;• құрылыс кезінде шатырлардың көлбеу бұрышы кем дегенде 40 ° –60 ° болуы керек;• ғимараттың қабырғасын қалыптасқан мұздан үнемі тазарту.Үйлердің, ғимараттар мен құрылыстардың төбесінен қауіп төндіретін Мұз кесектері мен сүңгілер табылған жағдайда жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй-коммуналдық қызметтеріне (әкімдіктерге), сондай-ақ ПИК-ке (пәтер иелері кооперативіне) жүгіну қажет.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі