"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ Алматы облыстық филиалы мен "Қазақавтожол" ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2020 жылдың 23 желтоқсанында сағат 12-15-те ауа райының қолайсыздығына байланысты (қатты боран, көріну шектеулі) "Үшарал - Достық" Республикалық маңызы бар автожолында (Көктұма-Достық 84-184 км, Көктұма-Достық а.) барлық автокөлік түрлеріне қозғалыс жабылды.
Алматы облысының ТЖД азаматтардан осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды және 112 қызметі беретін СМС хабарламаларды назардан тыс қалдырмауды сұрайды.
Алыс жолға шыққан кезде ауа-райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүріңіз.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі