Алматы облысы ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан алты адамды құтқарды

Алматы облысы ТЖД қызметкерлері қар құрсауынан алты адамды құтқарды

Үстіміздегі жылдың 19 желтоқсанында сағат 16.40-та Алматы облысы ТЖД кезекші қызметіне Алакөл ауданында "Үшарал-Достық" автожолының 92 шақырымында екі жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы хабарлама келіп түсті. Қар құрсауына түскендер, олар жолдың аталған бөлігіне сүрлеу жолмен, полиция қызметкерлері мен құтқарушылар тұрған кезекші постты айналып өтіп бара жатқан. Естеріңізге сала кетейік, бұл автожол ауа райының нашарлауына байланысты (қатты боран және нөлдік көріну) ағымдағы жылдың 18 желтоқсанынан бастап автокөліктің барлық түрлері үшін жабық.

Алматы облысы ТЖД құтқарушыларының (3 құтқарушы және 1 бірлік техника - "вахтовка" КамАЗ) және "АБК Автодор" ЖШС қызметкерлерінің (2 қызметкер және 1 бірлік Анкадор) күшімен қар құрсауынан автожолдың тазартылған учаскесіне сүйретілді. Автокөлік салондарында 3 адам болған. Аталған көлік құралдары Достық станциясына бағыт алған, эвакуацияланғаннан кейін Көктұма ауылына қайтарылды.

Сондай-ақ, 20 желтоқсанға қараған түні "Үшарал-Достық" автожолының 135 шақырымында Тоқты учаскесінде салонда үш жолаушысы бар бір жеңіл автокөлік қар құрсауында қалып қойды, оның біреуі бала. Оларда ТЖД қызметкерлерімен (4 қызметкер және 1 бірлік техника) құтқарылды. Бұл автокөлік ШҚО-ға қарасты Жарбұлақ ауылы жағынан жабық автожолға шыққан.

Құтқарылғандардың барлығы медициналық көмекке мұқтаж емес еді.

Бұған дейін Алматы облысының ТЖД СМС тарату, БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы, сондай-ақ "Дәрмен" мобильді қосымшасы арқылы: "Үшарал-Достық "республикалық маңызы бар автожолы ауа райының нашарлауына (қатты боран, нөлдік көріну) байланысты автокөліктің барлық түрлері үшін жабық" деген хабарлама таратқан болатын.

Алматы облысының ТЖД азаматтарға өз қауіпсіздігі мақсатында автожолдардың жабық учаскелеріне шығуға болмайтындығын тағы да еске салады.

Алыс жолға шығар алдында сол аймақтағы ауа райы болжамымен танысып, төтенше жағдайларда сізге көмектесетін барлық қажетті заттарды өзіңізбен бірге алып жүруге кеңес береміз. Құтқару қызметінің бірыңғай телефоны 112.

 

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі