Қауіпсіз Жаңа жыл!

Қауіпсіз Жаңа жыл!

Жақында Жаңа жыл мерекесі. Осы кезеңде отшашулар мен салюттар үлкен сұранысқа ие, бірақ оларды дұрыс пайдаланбау қайғылы салдарға әкеп соқтыруы мүмкін.

Жаңа-жыл көптен күткен мереке және оның жағымсыз тосынсыйларсыз өтуі өте маңызды. Сол үшін  пиротехниканы қолданудамұқият және абай болу керек, содан кейін ғана мұндай заттар тек қуаныш әкеледі.

Пиротехникалық құралдарды пайдалану кезінде пиротехниканы пайдалану ережелерін қатаң сақтау қажет:

-Өрт қауіпсіздігі ережелеріне сәйкес пиротехникалық құралдарды мамандандырылған дүкендерде немесе бөлімдерде сатуға рұқсат етіледі, олар ғимараттардың жоғарғы қабаттарында және апаттық шығу жолдарына жақын орналаспауы қажет;

 -  Пиротехникалық құралдар өртке қарсы қалқалармен бөлінген үй-жайларда орнатылған металл шкафтарда сақталуы тиіс. Оларды жертөлелерде сақтауға жол берілмейді. Пиротехниканы үйде көп мөлшерде сақтауға тыйым салынады;

- Тек сертификатталған пиротехниканы ғана пайдалану және оны құрылыстардан алыс ашық кеңістікте іске қосу қажет;

- Отшашуды тегіс жерге, ағаштарсыз және электр желілері жоқ жерге берік бекітіп, бауға от жағып, кем дегенде 20 метр қашықтыққа алыстау қажет;

Істеуге болмайды:

- Отшашуды тұрғын үйлер мен жанғыш заттардан 30 метр жақын жерде, аласа шатырлармен мен ағаш шоқтары астында қолдануға;

- Пиротехниканы қалтаға салып жүруге;

- Жағу кезінде отты бетке жақын ұстауға;

- Қатты желде қолдануға;

- Отшашуды адамдарға қарай бағыттауға;

- Отшашуды аяққа қарай лақтыруға;

- Жанып тұрған отшашудың үстінде төмен иілуге;

- Жанып тұрған отшашуларлар мен салюттарға 15 метрге жақындауға;

- Отшашудың бауын қол қашықтығында тұтату қажет. Ол 3-5 секунд арасында тез жанып кетеді. Отшашудан шыққан ұшқынды сөндіру қиын. Егерде ұшқын теріге түссе, күйік пайда болуы мүмкін.

- Үй-жайларындажәне шыршаның жанында бенгал оттарының, шартылдақтардың ашық отты пайдалануға жол бермеңіз;

  Пиротехникалық өнімдердің қауіптілігінің 5 санаты бар. Біріншісіне – бенгал оттары, екіншісіне және үшіншісіне – күштілері жатады. Оларды пайдалану өртке ғана емес, сонымен қатар құрылымдардың бұзылуына әкелуі мүмкін. Пиротехниканың төртінші және бесінші санаттарына жататын отшашулар тек қана арнайы лицензиясы бар мамандарға ғана рұқсат етіледі. Оны үлкен отшашулар үшін қолданады.

Құрметті ата-аналар, сақ болыңыздар! Көптеген балалар пиротехниканы дүкендер мен базарлардан сатып алып, оны бақылаусыз пайдалана бастайды. Мұндай өнімдерде Өндіруші туралы мәліметтер мен пайдалану туралы міндетті нұсқаулар болуы керек. Пиротехниканы 16 жасқа дейінгі балаларға сатып алуға тыйым салынады.

Егер қандай да бір төтенше жағдай орын алса, дереу 101, 112 телефон нөмірлеріне дереу қоңырау шалыңыз.

 

 

 

                                     Алматы облысы ТЖД баспасөз-қызметі