Закрытие автодороги Республиканского значения «Ушарал-Достык».

Закрытие автодороги Республиканского значения «Ушарал-Достык».

Республикалық маңызы бар «Үшарал-Достық» автожолының жабылуы.
«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, ағымдағы жылдың 20 қарашасында сағат 16.30-нан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал-Достық» Республикалық маңызы бар автожолында (84 км-ден 184 км-ге дейін) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.
Естеріңізге сала кетейік, 17 қарашада автожолдың бұл учаскесі қалың қардың салдарынан жабылып, келесі күні ашылды.
Алматы облысы ТЖ Департаменті қысқы жолдардағы қауіпсіздік ережелерін сақтауды ұсынады:
- ауа-райының өзгеруін, метеорологиялық мәліметтерді бақылау, ауа-райының нашарлауы және автожолдарда автокөлік қозғалысына шектеулер енгізу кезінде шықпау;
– әрбір автокөлікте міндетті түрде шұғыл жағдайда өмірді құтқаратын заттар-дәнекерлеу шамдары, арқандар, дөңгелектерге арналған шынжырлар, күректер, парафинді шырақтар, сондай-ақ жылы киім, бірінші кезекте қажетті заттар, тамақ және су қоры болуы тиіс;
- қатты аяз немесе қар жауған кезде бірнеше автокөлікке топтастыру қажет, сонда сынған жағдайда колоннадан басқа жүргізушілер көмекке келе алады;
- жазғы шиналарды қысқы шиналарға уақытылы ауыстыру қажет;
- егер сіз боран немесе қатты аяз кезінде жолда болсаңыз, Егер сіздің көлігіңіз елді мекеннен алыс жерде немесе сізге таныс емес жерде тоқтап қалса, көлікте қалып, жолда басқа көліктің жүруін күтіп немесе «101» және «112» нөмірі бойынша ұялы телефон арқылы көмек шақырған дұрыс.
Қыста жолға шыққанда мұқият жоспарлаңыз және егжей-тегжейлі ойлаңыз. Төтенше жағдайда әрбір ұсақ-түйек маңызды!

                                            Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі