Иесіз оқ-дәрілер мен қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды табу кездегі іс-қимыл тәртібі

Иесіз оқ-дәрілер мен қаруды, қолдан жасалған жарылғыш құрылғыларды табу кездегі іс-қимыл тәртібі

Күдікті затты тапқан кездегі іс-әрекеттер тәртібі:

-Табылған затты тисуге, ашуға, қозғауға немесе басқа да әрекеттер жасауға қатаң тыйым салынады.

- Ұялы телефондар мен басқа да радиобайланыс құралдарын осындай заттың жанында қолдануға болмайды.

- Күдікті заттың табылғаны туралы дереу полицияға немесе өзге де құзыретті органдарға хабарлау қажет.

Қоғамдық көлікте:

Егер сіз қоғамдық көлікте ұмытылған немесе иесіз затты тапсаңыз:

  1. Жақын тұрған адамдардан сұрау. Кімдікі және кімнің қалдырғанын анықтауға тырысыңыз.
  2. Егер оның иесі анықталмаса, табылған зат туралы жүргізушіге дереу хабарлаңыз.

Тұрғын үйдің кіреберісінде:

Егер сіз үйдің кіреберісінде белгісіз зат тапсаңыз:

  1. Көршілерден сұраңыз. Мүмкін, ол оларға тиесілі.
  2. Егер зат иесі анықталмаса – табылған зат туралы дереу құзырлы органдарға хабарлаңыз.

Мекемеде:

Егер сіз мекемеде, ұйымда белгісіз зат тапсаңыз:

  1. Табылған зат туралы дереу әкімшілікке немесе мекеменің күзетіне хабарлаңыз.
  2. Белгісіз затты анықтау уақыты мен орнын белгілеңіз.

3.Адамдардың күдікті заттан және қауіпті аймақтан мүмкіндігінше алысырақ кетуі үшін шаралар қабылдаңыз.

  1. Құзыретті органдар өкілдерінің келуін күтіңіз, күдікті заттың орналасқан жерін, оның табылған уақыты мен жағдайларын көрсетіңіз.
  2. Саспаңыз. Жарылыс қаупі туралы қатысты, білу керек қызметкерлерге ғана хабарлаңыз.

Сондай-ақ, заттың сыртқы түрі оның нақты мақсатын жасыра алатынын есте сақтау қажет. Жарылғыш құрылғының, басқа да қауіпті заттардың болуына мынадай белгілер көрсетуі мүмкін:

Жарылғыш құрылғының белгілері:

— Сымдар, шағын антенналар, оқшаулағыштар, шпагат, жіптер, пакете немесе пакеттен шығып тұрған скотчтардың болуы.

— Табылған күдікті заттардан (пакеттер, сөмкелержәнет.б.) әр – түрлі шуылдар, сағат дауысы және т. б. дыбыстар болуы мүмкін.

— Табылған күдікті затта қуаттану элементтерінің (батареялардың) болуы.

— Созылған сымдар, жіптер, шпагаттар;

— Заттың ерекше орналасуы;

— Жергілікті жерге тән емес заттың болуы;

— Жергілікті жерге тән емес ерекше иіс.

          Алматы облысы ТЖД баспасөз    қызметі