Алматы облысында шомылу маусымына дайындық күшейтілді

Алматы облысында шомылу маусымына дайындық күшейтілді

Қонаев қаласында шомылу маусымына дайындық мәселелері бойынша Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастамасымен қала прокуратурасы, көліктік бақылау инспекциясы және жедел-құтқару жасағының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.

Кездесудің негізгі мақсаты – алдағы жазғы кезеңде су айдындарында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және тиісті қызметтердің өзара іс-қимылын күшейту болды. Осыған байланысты қатысушылар бірлескен рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру, демалыс орындарын тексеру, жағажайлардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылау мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, кеңес барысында құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық дайындығы, жеке құрамның әзірлік деңгейі, судағы қауіпсіздік құралдарының жарамдылығы және шағын көлемді кемелерді пайдалану қауіпсіздігіне бақылау жүргізу тәртібі талқыланды.

Бұл шараларды өткізу қажеттілігі жаз мезгілінде тұрғындар мен туристердің су айдындарында демалу белсенділігінің артуымен және жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатымен түсіндірілді.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мекемелер арасында нақты міндеттер бөлініп, бірлескен іс-қимыл жоспары айқындалды. Алдағы шомылу маусымы қарсаңында азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған дайындық жұмыстары жалғасуда.