
Қонаев қаласының Мәдениет үйінде Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, еріктілер, сонымен қатар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты. Аталған шара азаматтық қорғаныс айлығы аясында ұйымдастырылып, өңірде атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығаруға бағытталды.
Ресми бөлім азаматтық қорғаныс күніне арналған бейнероликті көрсетуден басталды. Онда азаматтық қорғау жүйесінің қалыптасу тарихы, қазіргі міндеттері, сонымен қатар, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар қамтылды.
Іс-шара барысындаспорттық-сауықтыру шараларына белсенді қатысқан қызметкерлер, азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталды. Сонымен қатар, Қонаев қаласындағы Балалар шығармашылық орталығының оқушылары концерттік бағдарлама ұсынды.
Аталған іс-шара азаматтық қорғаныс айлығының жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және өңірде қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жүйелі жұмысты көрсетті.