Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда

Алматы облысында су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда

Алматы облысының аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты, көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде.

Су деңгейін үздіксіз қадағалау мақсатында облыс бойынша барлығы 42 гидропост орнатылған. Оның ішінде 27-сі – Қазгидромет РМК, ал 15-і – Қазселденқорғау ММ.

Облыстағы ірі су қоймалары – Қапшағай су қоймасы, Күрті су қоймасы, Бартоғай су қоймасы және Бестөбе су қоймасы – штаттық режимде толтырылып жатыр.

Өңірде «2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі іс-шаралар жоспары» және «Алматы облысының аумағында 2026 жылғы су тасқыны қаупі бар кезеңге дайындық жөніндегі айлықты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілді.

Инженерлік-инфрақұрылымдық жұмыстар да қарқынды атқарылуда. Жыл басынан бері 57 шақырым арық желісі, 37 шақырым канал, автожолдар астындағы 48 бірлік су өткізу құбыры және теміржолдардағы  су өткізу құбыры тазартылды. Бұл шаралар еріген қар суының кедергісіз өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Профилактикалық жұмыстар аясында Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері 64 елді мекенді қамтып, 57 рейд өткізді. Әлеуметтік желілерде 386 ақпараттық жарияланым мен мақала жарияланып, тұрғындарға қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.

Әрекет ету үшін азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары 1136 адам және 347 бірлік техника жұмылдыруға әзір. Сондай-ақ, 130 мотопомпа, 36 жүзу құралы, 70 мың қап, 4.1 мың тонна инертті материал және 156 тонна жанар-жағармай қоры жасақталған.

Алматы облысында су тасқынының алдын алу және оның салдарын азайту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде.

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі