
Тұрғындардың тұрақсыз мұзға шығу жағдайларының жиілеуіне байланысты Алматы облысында су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыс күшейтілді.
2026 жылдың бірінші тоқсанында Алматы облысында су айдындарынан 4 адам құтқарылды. Олардың үшеуі-балалар. Сонымен қатар, 3 адам Қапшағай су қоймасы мен басқа да су айдындарының мұзынан эвакуацияланды.
Мұз үстіндегі оқиғалардың басты себебі — мұздың жұқалығы, оның қалыңдығы 10–12 см кем болмауы қажет. Мұндай жағдайлардың көпшілігі көпір маңында және ашық су учаскелерінде, сондай-ақ қайғылы жағдайларға әкелетін автокөлітердің жұқа мұз үстіне шығуы себептері болуда.
Жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында ТЖД қызметкерлері кешкі және күндізгі тепловизоры бар ҰҰА пайдалана отырып тұрақты профилактикалық рейдтер, түсіндірме жұмыстары мен мұздың қалыңдығын өлшеу жұмыстарын атқарады. Қазіргі таңда «Мұзға шығуға тыйым салынады» және «Абайлаңыз, мұз жұқа» атты 80-ге жуық ескерту белгісі орнатылған.
Сонымен қатар, мектеп оқушылары мен балықшылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу ерекше назарға алынған.
Алматы облысының ТЖД ескертеді:
- мұздың жұқа және қатпаған жерлеріне шықпаңыз;
- қауіпті жерлерде топ болып жиналмаңыздар;
- мұздағы ойықтарға, жарықтарға және үңгірлерге жақындамаңыздар;
- белгіленбеген жерлерде көліктермен мұзға шықпаңыздар;
- мұзда от жақпаңыздар;
- 20 сантиметрден аз қашықтықта екі ойық, ал басқа жұп ойықтардан 2 метрден аз қашықтықта екі ойық жасамаңыз;
- мұзда аулау құралдарын және қоқысты қалдырмаңыздар.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі