
2026 жылғы 28 қаңтарда Қапшағай су қоймасында қысқы кезеңде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мұз үстіндегі қауіпсіздік бойынша бірлескен профилактикалық рейдтік іс-шара өткізілді.
Іс-шараға Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушыларымен қатар балық инспекциясының өкілдері және «24 KZ» телеарнасының түсіру тобы қатысты.
Рейд барысында құтқарушылар балықшыларға мұз үстінде қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін еске салды. Мұз жамылғысының қалыңдығын тексеруге, құтқару құралдарының болуына және мұз үстінде балық аулау кезінде сақтық шараларын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Профилактикалық іс-шаралар өткізу кезеңінде су айдынында 100-ден астам адам болды. Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес 2 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Алматы облысы ТЖД тұрғындарға келесі қауіпсіздік талаптарын еске салады:
Өзіңізді сақтаңыз — су айдындарындағы қауіпсіздік әр азаматтың жауапкершілігінен басталады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі