
Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы ауылдық елді мекендердің төтенше жағдайларға дайындық деңгейін арттыруға, оқиғаларға жедел әрекет етуге, жету уақытын қысқартуға және зардаптардыбарынша азайтуға елеулі үлес қосуда.
2025 жылы ауыл құтқарушылары облыс аумағындағы өрттердің жою жұмыстарына өрт сөндіру қызметінің бөлімшелеріне бірнеше рет көмек көрсетті.
Мәселен, Кеген ауданының аумағында олар 25 тонна шөптің және шаруашылық ғимаратының өртенуін жоюға қатысты. Ауыл құтқарушыларының жылдам әрі үйлесімді жұмысының арқасында өрт ерте сатыда шектеліп, жалынның көрші нысандарға таралуының алдын алды.
Еңбекшіқазақ ауданында ауыл құтқарушылары уақытылы құрылыс үстіндегі тұрғын үйдегі өрт орнына жетіп, сондай-ақ шаруашылық ғимараты және шаруашылық құрылыстар өртін сөндіруге көмек көрсетті. Құтқарушылар ықтимал зиянды айтарлықтай азайтып, көршілес тұрғын үйлерге қауіп төнуінің алдын алды.
Жамбыл ауданында Үңгіртас ауылының құтқарушылары ағаш поддондар өрттің таралуын болдыртпай, құтқарушылардың уақтылы әрекеті арқасында өртті сөндіріп қана қоймай, айналадағы аумақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.
Бағдарламаның ерекшелігі ауылдық құтқарушылар шалғай елді мекендерде алғашқы әрекет ету қатары болып, өрт сөндіру қызметінің негізгі күштері жеткенге дейін алғашқы минуттарда оқиға орнына келіп, өрттің таралуын тоқтатып, материалдық шығынды азайтады.
«Ауыл құтқарушылары» бағдарламасының мақсаты– тек жедел әрекет ету ғана емес, сонымен қатар алдын алу жұмыстарын жүргізу. Ауылқұтқарушылары жергілікті тұрғындарға арналған оқу шараларын өткізіп, өрт қауіпсіздігі ережелерімен төтенше жағдайларда іс-қимыл тәртібін түсіндіреді. Бұл тұрғындардың өздерінің және қоршаған ортаның қауіпсіздігіне деген жауапкершілігін қалыптастыруға ықпал етеді.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі