Алматы облысының ТЖД және "Қазақстан еріктілері лигасы" қоғамдық қоры, сондай-ақ Алматы облысы бойынша " LIDER.KZ еріктілер орталығы" қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Алматы облысының ТЖД және "Қазақстан еріктілері лигасы" қоғамдық қоры, сондай-ақ Алматы облысы бойынша " LIDER.KZ еріктілер орталығы" қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

2020 жылды Мемлекет басшысы "Еріктілер жылы" деп жариялады және еріктілер ұйымдары жұмысының векторларының бірі бұрынғыдай құтқарушылар мен өрт сөндірушілерге олардың ауыр еңбектерінде көмек көрсету болып қала береді.

2020 жылғы 26 қазанда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінде Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы полковник Асқар Тасболатұлы Тойчубеков пен "Қазақстан еріктілері лигасы" қоғамдық қорының директоры Жұмабек Еркебұлан Ермекұлы өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Осы Меморандумда көзделген ынтымақтастықтың мақсаты күш-жігерді шоғырландыру арқылы төтенше жағдайлардың туындау қаупін барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, олар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға жәрдемдесу болып табылады.

Меморандум жасасу әріптестік қатынастарды орнату мен дамыту жөніндегі негізгі құжат болып табылады. Тараптар ынтымақтастықтың барлық деңгейлерінде іскерлік байланыстарды қолдауға және олардың өзара қарым-қатынастарының тиімділігін қамтамасыз ету үшін барлық ықтимал шараларды қабылдауға және мүдделі мемлекеттік органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылда ынтымақтастықты дамытуды қолдауға міндеттенді. Күш-жігерді мыналарға бағыттауға ниеттіміз: табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бөлігінде азаматтық қорғау саласында профилактикалық іс-шаралар, тұрғын үй секторында аулаларды аралау, халықпен жиын, аз қамтылған және көп балалы отбасылар, зейнеткерлер және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары арасында рейдтер жүргізуге; табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою кезінде өзара көмек көрсетуге күш-жігер жұмсауға; азаматтық қорғау органдарының бейінді оқу орындарына, сондай-ақ қызметке түсу үшін оқушылар мен жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу; мектептер мен колледждер оқушылары, олардың ата-аналары, ЖОО студенттері арасында табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге қатысу; халықты төтенше жағдайларда іс-қимыл жасауға, оның ішінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге дайындауды ұйымдастыру тәжірибесімен алмасу.

Департаменттің дағдарыс орталығында еріктілердің жұмысы туралы фильм және азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына арналған "Өмірді құтқару" фильмі көрсетілді. Іс-шара кезінде Департамент бастығының уақытша міндетін атқарушы осы іс-шараға қатысқан "Қазақстан еріктілер лигасы" және "ҚТ көшбасшысы" волонтерлік ұйымдарына өртке қарсы белсенді насихат, өрттің алдын алу және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша бірлескен қызметі үшін құрмет грамоталарын тапсырды. Ал "Nur Otan" партиясы жанындағы "Jas Otan" Жастар қанатының Алматы облыстық филиалына азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін және азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығын мерекелеуге байланысты Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің атынан алғыс хат табыс етілді.

Іс-шара шағын экскурсиямен және өрт техникасының көрсетілімімен аяқталды. Соңында іс-шараға қатысушылардың барлығымен естеліке суретке түсіру ұйымдастырылды.

 

                                  Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі.