Алматы облысында, Жамбыл ауданы аумағында, Беріктас ауылының маңында, қыс кезеңіндегі төтенше жағдайларға дайындық пен оларға әрекет ету бойынша «Қыс-2025» командалық-штабтық облыстараралық жаттығулары өтті. Іс-шараға Алматы және Жамбыл облыстары ТЖД күштері мен құралдары, сонымен қатар, әкімдіктер, коммуналдық қызметтер және өмірлік маңызды ұйымдар қатысты – барлығы 137 адам және 32 техника бірлігі.
Жаттығудың мақсаты-қызметтердің қысқы қауіптерге дайындық деңгейін тексеру, жедел әрекет ету дағдыларын жаттықтыру және облыстар арасындағы координацияны жетілдіру. Сонымен қатар, іс-шара шекаралас аумақтарды қамтитын төтенше жағдайларда өзара әрекеттестікті жақсартуға бағытталған. Жаттығулар үш кезеңде өтті:
Ұйымдастырушылық-дайындық кезеңі – жедел топтардың, техниканың және байланыс құралдарының дайындылығын тексеру;
Практикалық кезең – қатты аяз кезінде, жол-көлік апаты салдарынан өрт шыққан жағдайда, көлік қатынасындағы бұзылыстар кезінде және іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу әрекеттерін дағдыларын жаттықтыру;
Қорытынды кезең – атқарылған жұмысты талдау, күшті жақтарды анықтау және қызметті әрі қарай жетілдіру бағыттарын белгілеу.
Облыстараралық жаттығулар Алматы және Жамбыл облыстарының қысқа дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетті. Әрекеттердің үйлесімділігі, қатысушылардың кәсіби дайындығы және әрекет алгоритмдері өңірлердің тұрғындардың қауіпсіздігін күрделі қысқы жағдайда тиімді қамтамасыз ете алатынын дәлелдеді.
Жаттығулар қысқа кешенді дайындықтың маңызды бөлігі болып табылады және екі облыстың кез келген төтенше жағдайға жедел әрекет етуге дайын екенін көрсетті.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі