Қауіпсіздік және нысандарды қабылдау мәселелері Алматы облысындағы семинарда талқыланды

Қауіпсіздік және нысандарды қабылдау мәселелері Алматы облысындағы семинарда талқыланды

Қабылдау сапасын арттыру және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша семинар өтті.

Архитектура, құрылыс және мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларының өкілдерімен бірлесіп, нысандарды пайдалануға қабылдау тәсілдерін жетілдіруге бағытталған оқыту іс-шарасы өткізілді.

Қатысушылар бақылаудың бірыңғай стандарттарын, құрылыс кезеңдерінде заңбұзушылықтарды анықтау мәселелерін, сондай-ақ нысандарды пайдалануға беру кезіндегі өрт қауіпсіздігін бағалау тетіктерін талқылады.

Семинар мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға және ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған маңызды қадам болды.