2025 жылғы 31 шілдеде Уйғыр ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері табиғаттағы өрттерге байланысты төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар жүргізді.
Іс-шаралар аясында азаматтармен келесі тақырыптарда түсіндіру әңгімелері мен нұсқаулықтар өткізілді:
«Өрт қаупі жоғары кезеңде орманда не істеуге қатаң тыйым салынады»;
«Табиғат аясында демалу кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық ережелері»;
«Есіңізде болсын. Қауіпсіздік әліппесі: орманда және табиғатта өрт қауіпсіздігі ережелері».
Негізгі назар азаматтардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға аударылды, әсіресе ауа температурасы жоғары және қуаң кезеңде. Жергілікті тұрғындар мен демалушыларға орман алқаптары мен демалыс аймақтарында от жағуға, қоқыс өртеуге және ашық от қолдануға жол берілмейтіні еске салынды.
Сонымен қатар, ТЖБ қызметкерлері тарапынан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін көзделген әкімшілік жауапкершілік шаралары түсіндірілді. Мұндай құқықбұзушылықтар үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне сәйкес айыппұлдар қарастырылғаны айтылды.
Азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жазғы өрт қаупі кезеңінде өрттердің туындау тәуекелін азайту мақсатында бұл жұмыс тұрақты түрде жалғастырылатын болады.