Алматы облысында «Ауыл құтқарушы» бағдарламасы аясында өрт сөндіру техникасы жөнделіп жатыр

Алматы облысында «Ауыл құтқарушы» бағдарламасы аясында өрт сөндіру техникасы жөнделіп жатыр

Алматы облысында «Ауыл құтқарушы» ведомстволық бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерге берілетін өрт сөндіру техникасын жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Бағдарламаның мақсаты — ауылдық жерлердегі өртке қарсы қорғаныс деңгейін арттыру. Оның негізгі кезеңдерінің бірі – жаңадан құрылып жатқан өрт сөндіру бекеттерін арнайы техникамен жабдықтау. Қазіргі уақытта өрт сөндіру көліктерін сырлау, техникалық қызмет көрсету және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Бұл техника кейін жергілікті атқарушы органдардың пайдалануына беріледі.

Жөнделген техниканы беру шалғай және қол жетуі қиын елді мекендерде төтенше жағдайларға жедел әрекет ету деңгейін айтарлықтай арттыруға, сондай-ақ азаматтардың өмірі мен мүлкін қосымша қорғаумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ауыл құтқарушы» бағдарламасы кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, арнайы техниканы қамтамасыз етуден бастап, ерікті және штаттық өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының біліктілігін арттыруға дейінгі кешенді шараларды қамтиды.

Осындай бастамаларды енгізу ауылдық жерлердегі өрт қауіпсіздігін жүйелі түрде нығайтуға ықпал етеді.

 

Алматы облысы ТЖД