Алматы облысында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізілді

Алматы облысында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығуы өткізілді

2025 жылдың 23–24 шілдесінде Алматы облысында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық жаттығулары өткізілді. Жаттығудың негізгі мақсаты – тұрғындардың жер сілкіністері мен басқа да төтенше жағдайларға әрекет ету деңгейін арттыру. Жаттығулар аясында облыста тұрғындардың практикалық әрекеттерін пысықтау үшін облыстық сейсможаттығу ұйымдастырылды:

* эвакуация жолдарын және қауіпсіз орындарды анықтау,

* дабыл чемодандарын құрастыру,

* ТЖ кезінде мінез-құлық алгоритмдерін жаттықтыру. Тұрғындарды хабардар ету үшін сирена-ауызша хабарлау құрылғылары қолданылды. Зақымданғандарды қабылдау пункттері барлық мектептер базасында орналастырылды, сонымен қатар олар қосымша жабдықталды:

* шатырлы лагерьлер,

* далалық асханалар,

* медициналық госпитальдар — Есік қаласында (Еңбекшіқазақ ауданы), Отеген батыр ауылында (Іле ауданы), Бесағаш ауылында (Талғар ауданы), Иргели ауылында (Қарасай ауданы), Ұзынағаш ауылында (Жамбыл ауданы).

           Көпқабатты тұрғын үйлердің аумақтарында — «Аспан-Сити» (Талғар ауданы), «Асыл Арман» (Қарасай ауданы), «Элит» (Іле ауданы) және «Gate City» (Алатау қаласы) объектілерінде шартты өртті сөндіру және жоғарғы қабаттардан зардап шеккендерді эвакуациялау бойынша авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізілді.

            Мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсететін әлеуметтік нысандарда, ТЖД жеке құрамының және 28237 әскери бөлімінің жауынгерлерінің қатысуымен, қауіпсіз эвакуациялау шаралары жүргізілді.    

          Барлық мектептерде, колледждерде, жоғары оқу орындарында, ауруханаларда, емханаларда және тұрғын үйлерде сейсможаттығу өткізілді. Алматы облысы сейсмоактивті аймақтарға жатады, сондықтан ТЖД тұрғындар мен қонақтарға қауіпсіздік шараларын сақтауды және «Жер сілкінісі кезінде орындауға арналған 10 қарапайым қадамды» есте ұстауды ұсынады.

             Осындай жаттығулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады және барша азаматтарды белсенді қатысуға шақырады, бұл төтенше жағдайларға уақтылы әрі дұрыс әрекет етуге көмектеседі.

Алматы облысы төтенше жағдайлар департаменті