
2025 жылғы 12 шілдеде Ұйғыр ауданының ТЖБ қызметкерлері Шарын шатқалы аумағында туристермен профилактикалық жұмыс жүргізді. Іс-шара аясында табиғат аясында болу кезіндегі қауіпсіздік шаралары, өрт қауіпті кезеңдегі өрт қауіпсіздігі ережелері, судағы қауіпсіздік талаптары, сондай-ақ сел қаупі төнген кездегі әрекет ету тәртібі түсіндірілді.
Аталған жұмыстың мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету. Профилактикалық іс-шаралар тұрақты түрде жалғасын табатын болады.
Алматы облысының ТЖД