Іле ауданында аудандық прокуратура, ювеналдық полиция, медицина қызметкерлері және Іле ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері бірлесіп «Балалар жарақаты”, “Абайлаңыз- ашық терезе!”, “Судағы қауіпсіздік шаралары” тақырыптарын қамтитын жұмыс жиналысы өткізілді.
Жиналыста балалардың жарақат алу себептері, оның ішінде терезеден құлау, суға бату, күйік алу оқиғаларына талдау жасалды. Қатысушылар көпқабатты үйлерде терезелерге қорғаныс торлары мен шектеуіштер орнатудың маңыздылығын атап өтті. Ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту ұсынылды.
Судағы қауіпсіздік мәселесі де қозғалды. Демалыс аймақтарында ауданның прокуратура, ювеналдық полиция және Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлерімен бірлесе отырып профилактикалық іс- шаралар өткізу, су айдындарын патрульдеу және жадынамалар тарату қажеттігі айтылды. Медицина мамандары алғашқы көмек көрсетудің маңызын ерекше атап өтті.
Қорытындылай келе: ведомствоаралық ынтымақтастықты күшейту және жазғы маусымда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру туралы шешім қабылданды.
Алматы облысының ТЖД