Алматы облысының ТЖД шомылу маусымына дайындық бойынша ведомствоаралық тексеріске қатысты

Алматы облысының ТЖД шомылу маусымына дайындық бойынша ведомствоаралық тексеріске қатысты

Шомылу маусымына дайындық және жалпыұлттық «Таза Қазақстан» акциясы аясында Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті өңірдің күштік құрылымдарының бірлескен гарнизондық тексерісіне қатысты.

Полиция бөлімшелері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен бірлесіп өткізілген іс-шарада азаматтардың су айдындарындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайларға жедел ден қою және экологиялық тәртіп мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Алматы облысы ТЖД басшысы Даурен Оразбеков авариялық-құтқару қызметтерінің техникалық жарақтандырылуын көрсетіп, дайындықтың қазіргі деңгейі туралы мәлімдеді:
«Біздің бөлімшелеріміздің қарамағында судағы және басқа да төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерге қажетті барлық арнайы техника мен жабдықтар бар. Біз жоғары жауынгерлік дайындықты ұстап тұрамыз, үнемі оқу-жаттығулар мен нұсқаулықтар өткіземіз. Негізгі мақсат – халықтың су маусымы кезінде өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету».

Құтқару бөлімшелерінің жеке құрамы ашық су айдындарында төтенше жағдайлар туындаған кездегі әрекеттер бойынша қосымша дайындықтан өтті. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға тыйым салу және халықпен профилактикалық жұмыс жүргізу ерекше назарда.

Алматы облысының ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарына судағы жүріс-тұрыс ережелерін қатаң сақтауды, балаларды қараусыз қалдырмауды және мас күйінде суға түспеуді ескертеді.