2025 жылғы 3 шілде күні Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен республикалық «Қауіпсіз балалық шақ» акциясы аясында балалардың терезеден құлауын болдырмауға бағытталған алдын алу іс-шаралары кешені өткізілді.
Іс-шара барысында тұрғын үйлер секторында мектепке дейінгі жастағы балалары бар отбасылар мен әлеуметтік осал санаттағы азаматтар тұратын үйлер мен пәтерлерге терезеге арналған арнайы қорғаныш блокираторлар орнатылды. Қорғаныш құрылғыларын орнату жаз мезгілінде терезеден құлау оқиғаларын болдырмау мақсатында жүзеге асырылды.
Техникалық шаралармен қатар кәмелетке толмағандардың ата-аналары және заңды өкілдерімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. ТЖБ қызметкерлері сақтық шаралары бойынша қажетті ақпаратты жеткізіп, балалар жарақатын болдырмауға арналған іс-әрекет алгоритмі жазылған жадынамалар таратты.
Алматы облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың назарын ерекше: аударады:
- маскит торлары қорғаныш құралы болып табылмайды;
- терезелерге арнайы шектеу құрылғыларын орнату қажет;
- балаларды ашық терезенің жанында қараусыз қалдыруға болмайды.
Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыс Алматы облысының барлық аудандарында жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі