Терезе блокираторларын орнату: балалардың қауіпсіздігі мен ата-ананың тыныштығы

Терезе блокираторларын орнату: балалардың қауіпсіздігі мен ата-ананың тыныштығы

Жаз мезгілінде жаңалықтар легі жиі қайғылы хабарлармен толығады: бала терезеден құлап кетті. Мұндай оқиғалар көбіне қалаларда, ыстық кезде терезелер үнемі ашық тұратын жағдайда орын алады. Ата-аналар маса торын қауіпсіздік құралы деп қателесіп ойлайды, бірақ ол баланың салмағын көтере алмайды. Ал шын мәнінде, терезеге орнатылатын блокираторлар — өмірді сақтап қалатын қарапайым әрі қолжетімді шешім.

Неліктен бұл маңызды?

5 жасқа дейінгі балалар өте қызығушылығы жоғары болады. Олар терезе алдына шығып, сыртқа қарап, маса торына сүйенуді жақсы көреді. Мұның бәрі — үлкен қауіп.

Блокиратор не береді?

  • Баланың терезеден құлау қаупін болдырмайды;

  • Бөлмені қауіпсіз түрде желдетуге мүмкіндік береді;

  • Терезенің ашылуын бақылауда ұстауға көмектеседі;

  • Үйдің жалпы қауіпсіздігін арттырады (соның ішінде ұрлықтан да қорғайды).

Блокираторды орнату

Блокираторды өзіңіз де орната аласыз немесе маманға жүгінуге болады. Көптеген модельдер өздігінен бұралатын бұрандамен немесе екіжақты жабыстырғышпен бекітіледі. Орнату уақыты — небәрі 10–15 минут, арнайы құралдарды қажет етпейді.

Қорытынды

Терезе блокираторларын орнату — бірінші қабаттан жоғарыда тұратын барлық ата-ана үшін міндетті шара. Бұл арзан, қарапайым және өте тиімді. Балалардың қауіпсіздігін кейінге қалдырмаңыз — блокираторларды бүгін орнатыңыз, балаңыз үшін көңіліңіз тыныш болсын.

Алматы облысының ТЖД