Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

Өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді

Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылында орналасқан «Легион» балалар лагерінде өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілді. Балаларға орманды аумақта отты қолдану ережелері мен сақтық шаралары түсіндірілді. Іс-шараға ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының өкілдері мен Еңбекшіқазақ ауданы ТЖБ инспекторлық құрамы қатысты.

Алматы облысының ТЖД