Іле ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен №78460 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерімен «Өрт қауіпсіздігі» тақырыбында профилактикалық іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында әскери қызметшілерге тұрмыста және қызметтік жағдайларда өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Әсіресе ашық отты пайдалану ережелері, электр құралдарын дұрыс пайдалану, өрт туындаған жағдайда әрекет ету және эвакуациялау тәртібі туралы кеңінен айтылды.
ТЖ бөлімінің мамандары өрттің жиі кездесетін себептері, өрт сөндіргіш түрлері және оларды пайдалану ережелері туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, өрт белгілерін байқаған жағдайда жедел әрекет ету мен хабарлау маңызды екені ескертілді.
Іс-шара барысында өрт сөндіру құралдары көрсетіліп, оларды пайдалану бойынша практикалық көрсетілімдер өткізілді. Кездесу соңында сарбаздарға өрт қауіпсіздігі ережелері жазылған жадынамалар таратылды.
Өткізілген іс-шара әскери қызметшілер арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыруға және төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған.
Алматы облысы ТЖД