2025 жылғы 25 маусымда Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник Дәурен Даулетканұлы Оразбековтың төрағалығымен Департаменттің бірінші орынбасары, ӨС және АҚЖҰ басқармасы бастығы, құрылыс басқармасы, авторлық қадағалау, техникалық қадағалау, құрылыс салушы мердігер компаниялар басшылығының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді.
Жұмыс кеңесі барысында Кеген ауданы Кеген ауылында, Талғар ауданы Нұра ауылында Қарасай ауданы Шамалған станциясында модульдік өрт сөндіру депосын салу кезінде біріңғай түс келбеттің схемасын сақтауды қамтамасыз ету, қызмет өткерудің жайлы және қауіпсіз жағдайларын жасау мәселелері талқыланды.
Алматы облысының ТЖД