Балалар лагері: қауіпсіздік – басты назарда

Балалар лагері: қауіпсіздік – басты назарда

Жазғы кезеңде төтенше жағдайлардың алдын алу және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар шеңберінде Түрген шатқалында орналасқан «Тау Жанашар» балалар сауықтыру лагерінде Еңбекшіқазақ аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жас демалушыларға арналған өрт қауіпсіздігі бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайын болуын қамтамасыз ету

және өрт қауіпсіздігі талаптарын насихаттау. Қатысушылар алғашқы өрт сөндіру құралдарын қолдануды үйреніп, өрт анықталған жағдайда эвакуациялау тәртібін пысықтады және шұғыл әрекет ету алгоритмін меңгерді. Лагерь қызметкерлеріне арналған нұсқамалар өткізіліп, балалармен қауіпсіз жұмыс істеу мен жедел қызметтермен өзара іс-қимыл жасау талаптары түсіндірілді. Іс-шараға Алматы облысы ТЖД Өртке қарсы қызмет басқармасы бастығының уақытша міндетін атқарушы, азаматтық қорғау подполковнигі Пархоменко Александр Александрович қатысты. Ол мұндай шаралардың балалардың жеке және ұжымдық қауіпсіздікке деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Аудандағы балалар лагерьлерінде профилактикалық жұмыс жүйелі түрде жалғасуда.

 

Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі