Алматы облысының ТЖД қызметкерлері полиция, прокуратура және көлік инспекциясы өкілдерімен бірлесіп, Қапшағай су қоймасындағы қалалық коммуналдық жағажайларда түнгі рейдтерді жүйелі түрде жүргізуде.
Аталған іс-шаралар барысында су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бұзған азаматтар, атап айтқанда – түнгі уақытта шомылғандар анықталды. Бұл азаматтарға Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабына сәйкес әкімшілік хаттамалар толтырылады.
Айта кету керек, рейдтер кезінде дауыс зорайтқыш пен тепловизор, пилотсыз ұшу аппараты (дрон) қолданылды. Оның көмегімен жүзеге асырылды:
Қараңғыда суға шомылып жүргендерді анықтау,
Демалушыларға қауіпсіздік шаралары туралы нақты уақытта хабарлау.
Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді: түнгі уақытта шомылу — қауіпті. Қауіпсіздік қағидаларын сақтау — өміріңіз бен денсаулығыңыздың кепілі.
Алматы облысының ТЖД