Алматы облысында сел қаупі бар кезеңге байланысты Іле Алатауындағы өзендер мен мұздық көлдерге әуеден тексеру жүргізілді.
Сел қаупі бар кезеңнің басталуына орай, Алматы облысы ТЖД, ҚР ТЖМ «Қазселезащита» және Іле Алатау аумақтық пайдалану техникалық басқармасы филиалының мамандарымен бірлесіп, Талғар, Есік, Түрген өзендері бассейндеріне аэровизуалды тексеру жүргізілді.
3500–3800 метр биіктікте жүргізілген бақылау барысында мұздық көлдерде су толуы мен қауіпті жағдайлар анықталған жоқ. Өзен арналарындағы су ағысы тұрақты.
Тексеру нәтижесі бойынша ұсынымдар мен тексеру актісі дайындалуда, сел қаупінің алдын алу шаралары қабылдануда.
Алматы облысы ТЖД