В горах Алматинской области создают безопасные условия для детского отдыха

В горах Алматинской области создают безопасные условия для детского отдыха

"Oi-Qaragai" тау курортында балалар демалысы маусымының ашылуы қарсаңында Алматы облысы ТЖД қызметкерлері профилактикалық іс-шаралар өткізді.

Жазғы маусымға дайындық шеңберінде мамандар объектілерге профилактикалық бақылау жүргізді, құлақтандыру жүйелерін, эвакуациялық шығу жолдарын және алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуын тексерді.

Сондай-ақ қауіпсіз эвакуациялау және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Іс-шараларға курорт қызметкерлері мен медицина қызметкерлері қатысты, олармен Төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдар бойынша нұсқаулықтар өткізілді. Мұндай алдын алу шаралары таулы жерлерде балалардың қауіпсіз және ұйымдасқан демалысын қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Алматы облысы ТЖД