Облыста балалар сауықтыру лагерлерінің, су айдындарының дайындықтары бірлескен отырыста қаралды.
Облыс әкімдігінің қатысуымен балалардың мектептерде, лагерлерде және су айдындарында қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өтті.
Алматы облысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары күшейтілді. Мектептер мен лагерлер тексерілді, жетекшілерге өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзуды жою бойынша ұсыныстар берілді. Жаттығулар, су айдындарында рейдтер ұйымдастырылды, ата-аналармен түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Биылғы жылдың басынан бері суда балалардың қаза болуы жағдайлары тіркелмеді.
Алматы облысы ТЖД