
2025 жылғы 31 мамырда Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының уақытша міндетін атқарушы подполковник Оразбеков Даурен Даулетқанұлы құрылыс жұмыстарының барысын тексерді.
Алматы облысының даму жоспарын іске асыру аясында Қарасай ауданына қарасты Жібек Жолы станциясында екі өрт сөндіру техникасына арналған өрт сөндіру депосының құрылысы жалғасуда. Жобаның тапсырыс берушісі — «Алматы облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Жұмыс сапары барысында жобаның іске асырылу кезеңдерімен танысу жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын жүзеге асырып жатқан «MIR-A Construction» ЖШС мердігер ұйымының өкілдеріне жұмыс процестерін оңтайландыру, мерзімдерді сақтау және құрылыс-монтаж жұмыстарын сапалы орындау бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.
Аталған нысанның жүзеге асырылуы аудан аумағындағы өрт қауіпсіздігін нығайтуға және жедел әрекет ету деңгейін арттыруға бағытталған.
Алматы облысы ТЖД