
2025 жылғы 31 мамырда Алматы облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы подполковник Оразбеков Даурен Даулетканұлы өрт сөндіру депосының құрылыс барысын тексерді.
Алматы облысын дамыту жоспары аясында Талғар ауданына қарасты Нұра ауылы, Нұра ауылдық округінде екі өрт сөндіру техникасына арналған жаңа өрт сөндіру депосының құрылысы жүргізілуде. Жобаның тапсырыс берушісі – Алматы облысының құрылыс басқармасы.
Нысанға барып, тексеріс жүргізу барысында Алматы облысы ТЖД бастығының уақытша міндетін атқарушы құрылыс жұмыстарының қазіргі кезеңімен танысты. «MIR-A Construction» ЖШС мердігер ұйымының өкілдеріне жұмыс ұйымдастыруды жақсарту, құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету және белгіленген мерзімдерді сақтау бойынша нақты тапсырмалар берілді.
Аталған нысанның салынуы – осы аймақтағы өртке қарсы қорғаныс деңгейін арттыруға және төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.
Алматы облысы ТЖД