Алматы облысындағы трассалық медициналық-құтқару пункттері туралы

Алматы облысындағы трассалық медициналық-құтқару пункттері туралы

Алматы облысы ТЖД «Қазавиақұтқару» мемлекеттік мекемесінің филиалы өңірдегі жедел әрекет ету жүйесінде маңызды рөл атқарады. 2022 жылдың соңында филиал Талдықорған қаласынан (Жетісу облысы) Қонаев қаласына көшірілді.

Филиалда жедел медициналық көмек көрсету бойынша бір бригада жұмыс істейді. Бригаданың қолында жедел медициналық жәрдемнің мобильді кешені бар, ол JAC Sunray автокөлігінің базасында жабдықталған, реанимациялық құралдармен, транспорттық шиндар жиынтығымен және оттегі жабдықтарымен қамтылған. Бригада өрттер, жол-көлік оқиғалары, авариялық-құтқару жұмыстарында медициналық көмекті көрсету үшін шығарылады. Бригаданың құрамына апаттар мен табиғи апаттар кезінде зардап шеккендерге жедел көмек көрсету бойынша оқытылған медицина қызметкерлері кіреді.

Трассалық медициналық-құтқару пункттері (ТМҚП) жол қозғалысы көп болатын және жол-көлік оқиғалары жиі болатын учаскелерде орналасқан:

    ТМҚП «Жана-Арна» – Алматы–Өскемен тас жолының 57-шақырымында (Алатау микрорайоны, Алматы облысы).

    ТМҚП «Күрті» – Алматы–Екатеринбург тас жолының 114-шақырымында (Іле ауданы, Алматы облысы).

 

Сонымен қатар, Алматы облысында филиалға бағынысты тағы екі ТМҚП бар: «Тарғап» және «Шелек».

Әрбір ТМҚП штатында 10 адам бар. Қызмет ауысыммен 15 күндік кезекшілік тәртібімен жүргізіледі. Бір уақытта кезекшілікте 5 адам болады: 2 фельдшер, 1 фельдшер-диспетчер, санитар-құтқарушы және санитар жүргізуші. Жол-көлік оқиғаларына тәулік бойы шығарылады және олар орналасқан жерден 50 шақырым радиуста жүзеге асырылады.

Фельдшер-диспетчер шақыруды қабылдайды және бригаданың жұмысын басқарады, сондай-ақ уақтылы түрде Астана қаласындағы «Қазавиақұтқару» ММ диспетчерлік қызметіне және Алматы облысындағы ОЖ және ЖБ -ға есеп береді.

Жедел әрекет ету бригадаларының фельдшері — шұғыл көмекті көрсету бойынша мамандар, олар жарақаттар мен басқа да шұғыл жағдайларда көмектесу курстарынан өткен, жүрек-өкпе реанимациясын меңгерген және реанимациялық аппараттарды қолдана алатын мамандар. Реанимобильде қолданылатын реанимациялық құрал-жабдықтармен жұмыс істей алады.

 

Санитар-құтқарушылар авариялық-құтқару құралдарымен жұмыс істеу дағдыларына ие.

ТМҚП бригадаларының қолында Hyundai County 2014 жылы шығарылған реанимобиль және Mercedes SPRINTER 2012 жылы шығарылған реанимобиль бар. Олар реанимациялық жабдықтармен, оттегі жабдықтарымен, суықта зардап шеккендерді жылыту аппаратымен, қажетті дәрі-дәрмектер мен таңу материалдарымен, жапа шеккендерді иммобилизациялау үшін транспорттық шиндармен жабдықталған. Сонымен қатар, реанимобильдерде авариялық-құтқару құралдары да бар.

ТМҚП ғимараты модульдік типте салынған; ішінде жеке құрамды тұруға арналған бөлме, асхана мен душ бөлмесі, процедуралық кабинет, қойма және реанимобильге арналған гараж орналасқан. ТМҚП мен реанимобильдер радиостанциялармен жабдықталған, бұл уақытылы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Әрбір ТМҚП-де төтенше жағдайлар кезінде электр энергиясының үздіксіз берілуін қамтамасыз ету үшін автономды дизельді генератор бар. Қыс айларында ғимараттарды жылыту пункттері ретінде пайдалану мүмкіндігі қарастырылған.

Әрбір ТМҚП-де тез әрі уақтылы зардап шеккендерді емдеу мекемелеріне жеткізу үшін тікұшақ алаңы ұйымдастырылған.

2025 жылдың басынан бері филиалдың жедел әрекет ету бригадалары мен «Күрты» және «Жаңа-Арна» ТМҚП-тері 35 рет шығып, медициналық көмек көрсетілді — 20 зардап шегушіге;  эвакуацияланды — 15 адам; құтқарылды — 21 адам.

Филиалдың жедел әрекет ету бригадалары мен ТМҚП-тері «Көктем-2025», «Қыс-2025», «Өрт-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларына қатысып отырады және Алматы облысының ТЖД күштерімен бірлесіп жоспарланған өрт-тактикалық жаттығулар өткізеді.

 

Алматы облысы ТДЖ баспасөз қызметі