Кеген ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау лейтенанты Қадыр Даурен Ринатұлы 12 елден 500-ге жуық спортшы қатысқан Қырғызстан мемлекетінде өткен Азия чемпионатында 2 орынға ие болып және халақаралық дәрежегі спорт шебері атағын алды. Жеңімпаздың сөзіне қарағанда бұл додаға жақсы дайындықпен барған, өз мүмкіндігін жібермеуге барынша тырысқан. Спортшының қарсыластары мықтырақ, әрі үлкен аренадағы тәжірибиесі аздау болғанына қарамастан, өзінің бағын сынап, жеңіске жетті. Даурен алда болатын Польша мемлекетінде өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды. Бұл жетістік оның кәсіби шеберлігін ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның спорт саласындағы беделін арттырмақ. Азия чемпионаты сияқты халықаралық жарыстарда жоғары орындарға ие болу – спортшының қажырлы еңбегінің нәтижесін көрсетеді. Алдағы уақытта да ол өзінің спорттық мансабын жалғастырып, әлемдік ареналарда Қазақстанды таныта бермек.
Алматы облысының баспасөз қызметі