Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінің өнеркәсіптік басқармасы мемлекеттік инспекторлары «NUR KAGAZY» ЖШС-не тексеріс жүргізді.
Тексеріс «2025 жылдың бірінші жартыжылдығына арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау және қадағалау жүргізу тізіміне» сәйкес жүргізілді.
Профилактикалық бақылау барысында 1 дана көпірлі кран мен 3 дана бу қазандықтары тексерілді. Инспекторлармен өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша 12 тармақ бұзушылық анықтады. Тексеріс нәтижесі бойынша акті және анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.
Сондай-ақ кәсіпорын өкілдерімен анықталған бұзушылықтар бойынша пікірталас жүргізіліп, бұзушылықтарды жою мерзімдері талқыланды.