Өртке қарсы тактикалық жаттығулар «Danone Berkut» ЖШС өндірістік нысанында Іле ауданында

Өртке қарсы тактикалық жаттығулар «Danone Berkut» ЖШС өндірістік нысанында Іле ауданында

Өртке қарсы тактикалық жаттығуларды өткізу бойынша жоспар-кестеге сәйкес, 2025 жылғы 21 мамырда Іле ауданы Байсерке ауылында орналасқан «Danone Berkut» ЖШС кәсіпорнында өртке қарсы тактикалық жаттығу өткізілді.

Жаттығудың жетекшісі ретінде Алматы облысы ТЖД Өртті сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы ОГ-4 ДСПТ кезекші офицері, азаматтық қорғаныс капитаны Сороколетов И.С. қызмет атқарды.

Тактикалық жоспар бойынша, шартты өрт өндірістік ғимараттың бірінші қабатында пайда болды, онда пластикалық ыдыс шығару жүргізілуде еді. Қысқа тұйықталу нәтижесінде тұрмыстық жабдықтар мен пластикалық бұйымдар өртенді. Ғимаратта жоғары температура мен қою түтін пайда болды, бұл адамдардың өміріне қауіп төндірді және өрттің көрші цехтарға таралу қаупін туғызды.

Тактикалық тапсырмаларды орындау барысында келесі элементтер қарастырылды: өртті сөндірудің бірінші басшысының оперативтік жағдайды бағалау және шешуші бағытты анықтау; өрт сөндіру, құтқару және эвакуациялау жұмыстарын ұйымдастыру бойынша гарнизон командирінің әрекеттерін үйлестіру; объект әкімшілігі мен өртсөндіру бөлімшелері арасындағы өзара іс-қимылды пысықтау.

Жаттығудың нәтижелері бойынша: объектінің сыртқы өртке қарсы суару жүйесінің жұмыс қабілеттілігі тексерілді; барлық қойылған мақсаттарға жетілді; өндірістік нысандарда өртті сөндіруді ұйымдастыру бойынша тәжірибе алынды; барлық қатысушылардың қатысуымен жаттығуды талдау жүргізіліп, әрекеттер бағаланды, жіберілген қателіктер анықталып, болашақта қайталанбауы үшін шаралар белгіленді.

 

Алматы облысы ТЖД